Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Мағзом Сүндетовтың туғанына 90 жыл толуына орай ойталқы ұйымдастырылды

Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Мағзом Сүндетовтың туғанына 90 жыл толуына орай ойталқы ұйымдастырылды

Ақпараттық-кітапханалық орталық 9 ақпан күні №5 оқу залында Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Мағзом Сүндетовтың туғанына 90 жыл толуына орай ойталқы ұйымдастырылды.

Жазушы Мағзом Сүндетов 1936 жылы 29 қаңтарда Атырау облысы, Доссор кәсіпшілігінде дүниеге келген. 1956 жылы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін тамамдаған. «Жазушы» баспасында редактор, аға редактор, бөлім меңгерушісі, 1990–1996 жж. «Ана тілі» баспасының бас редакторы қызметін атқара жүріп, қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосып, көптеген шығармалар жазды. Жазушының шығармаларында соғыс жылдарындағы тауқімет, ауыл өмірінің боямасыз шын көрінісі бейнеленген. Жазушының бұл шығармаларын оқи отырып, оқырман ғибартқа толы әдебиет әлеміне сапар шегеді.

Кітапхана қызметкері жазушының шығармалары жайында кең ақпарат беріп, әр шығармасына тоқталды. Жазушының көптеген туындылары неміс, чех, венгр, югослав, тағы басқа тілдерге аударылды. 1977 жылы әдеби жабық конкурста жүлделі орынға ие болған «От ішіндегі адам» повесі, Ескексіз қайық, Бесқонақ т.б. шығармаларын таныстыра отырып, еңсесі биік «Ескексіз қайық» романының мазмұнымен таныстырды. Сондай-ақғ «Қалам мен парасат иесі» тақырыбында виртуалды кітап көрмесі, жазушының өмір жолы жайында бейнеролик көрсетілді.

Мағзом Сүндетовтың  өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, оқырмандардың әдебиетке деген қызығушылығын ояту, шығарманың құндылығына көз жеткізіп, оларды елін, жерін сүюге, отанын қорғауға тәрбиелей отырып, кітап оқуға шақыру.