
Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай , ақын шығармашылығына арналған «Әр өлеңі – бір әлем» атты әдеби-сазды кеш өтті
Ақпараттық-кітапханалық орталық №4 оқу залында қазақтың біртуар ұлдарының бірі, ақиық ақын, жазушы, аудармашы, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай , ақын шығармашылығына арналған «Әр өлеңі – бір әлем» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Әдеби-сазды кештің мақсаты-Ақын мұрасын кеңінен насихаттау, оқырман қауымға оның шығармашылығы мен дүние танымын таныстыру, рухани құндылықтарды дәріптеу. М.Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, сезіндіру, шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндерін көпшілік назарына ұсыну.
М.Мақатаевтың мұрасы-ұлтымыздың баға жетпес байлығы. Осы ретте ұлы ақынның шығармашылығымен жақынырақ танысу мақсатында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге ақын шығармалары қойылды.
Әдеби кеш барысында көрермендерге ақиық ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты бейнетарих көрсетілді.
Ақынның мұрасы уақыт өткен сайын өзектілігін жоғалтпай , керісінше ұрпақт ан-ұрпаққа рухани азық болып келе жатыр. Кешімізге қатысып, рухани кештен әсер алған Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің филология ғылымының кандидаты, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі Меңдібай Әбілұлы ақын шығармашылығына тоқталып, Мұқағали дүние танымы, оның философиялық ойлары, сезімге толы жырлары жайлы саралап өтті.