
ӨМІРЗАҚ СҰЛТАНҒАЗИННІҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ТАЛДАУ КЕШІ
2026 жылғы 5 қазан күні Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Ақпараттық-кітапханалық орталығы №1 оқу залының ұйымдастыруымен көрнекті ғалым, математик, академик Өмірзақ Махмұтұлы Сұлтанғазиннің туғанына 90 жыл толуына орай талдау кеші өтті.
Кештің мақсаты — ғалымның өмір жолы мен ғылыми мұрасын насихаттау, жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру, сыни ойлау қабілетін дамыту және білім мен ізденістің маңызын дәріптеу.
Іс-шараға Жаратылыстану факультетінің оқытушылары, Ақпараттық-кітапханалық орталық қызметкерлері және студенттер қатысты.
Кездесу барысында Өмірзақ Сұлтанғазиннің математика, есептеу ғылымы және ғарыштық зерттеулер саласына қосқан үлесі, ғылымды ұйымдастырудағы қызметі мен тұлғалық қасиеттері кеңінен талқыланды.
Өмірзақ Махмұтұлы Сұлтанғазин — қазақ ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі. Оның ғылыми жолы — білімге ұмтылудың, тынымсыз ізденістің, еңбекқорлық пен елге қызмет етудің жарқын үлгісі.
Талдау барысында студенттерге:
«Өмірзақ Сұлтанғазинді қазақ ғылымының көрнекті өкілі ретінде қандай еңбектері арқылы танимыз?», «Ғалымның математика және ғарыш саласындағы зерттеулерінің маңызы қандай?», «Қазіргі жастардың ғылымға қызығушылығын арттыру үшін не істеу керек?» деген мазмұндағы сұрақтар қойылып, еркін пікір алмасу ұйымдастырылды.
Кеш соңында қатысушылар ғалымның өмір жолынан алар тағылым туралы ой бөлісіп, білімге ұмтылу, мақсатқа адалдық, табандылық пен үздіксіз ізденістің маңызын атап өтті.
✨ Өмірзақ Махмұтұлы Сұлтанғазиннің ғылымға адалдығы мен елге сіңірген еңбегі — бүгінгі және келер ұрпаққа өнеге.

