
Әдібай Табылдының туғанына 100 жыл толуына орай « Балалар әдебиетінің шамшырағы » атты әдеби іс-шара өткізілді.
Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті 2026 жылдың 17-ші ақпан күні сағат 11:30-да Ақпараттық-кітапханалық орталығы № 2 оқу залында педагогика ғылымы мен балалар поэзиясының аса көрнекті қайраткері Әдібай Табылдының туғанына 100 жыл толуына орай « Балалар әдебиетінің шамшырағы » атты әдеби іс-шара өткізілді.
Балалар әдебиеті – болашақтың іргетасы. Ақын сөзі арқылы әлемді өзгертетін тұлға. Олай болса, Әдібай Табылдының туындылары – әр баланың рухани азығы, әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыратын құнды мұра. Ақын бар жерде руханият бар, руханияты бай халықтың болашағы да жарқын болады.
- Мақсаты- оқырмандарды қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, жазушы, балалар әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан Әдібай Табылдының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оның әдеби мұрасын насихаттау. Ол әсіресе балаларға арналған өлеңдерімен, тәрбиелік мәні зор шығармаларымен танымал. Жазушының туындылары арқылы жас ұрпақты адамгершілікке, еңбекқорлыққа, білімді болуға,Отаны мен туған жерін сүюге тәрбиелеу, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
- Көрнекі құралдар : жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы бейнебаян , кітап көрмесі.
Қатысушылар көрнекті қазақ ақыны әрі жазушысы Әдібай Табылдының өмірі мен шығармаларының тақырыптық бағытымен танысып, «Шығармашылық мамандықтар» факультетіне қарасты «Көркем еңбек және сурет» 25-1 тобының студенттері ақын өлеңдерінен үзінділер оқып, өз ойларымен бөлісті. - Біз, бүгін жазушының шығармаларының мазмұнын ашуға талпындық. Өмір жолы мен шығармашылығы көп зерттеліне қоймаған жазушының шығармаларымен танысып, талдай отырып, оның балалар әдебиетіндегі алатын орны ерекше, шығармаларының көркемдік құндылықтары айқын деп айта аламыз. Білім мен тәрбиені бір жолға тоғыстарған тұлға, қазақтың көрнекті ғалымы, ұстаз, ақын, жазушы Әдібай Табылдының ұлт руханиятына сіңірген еңбегі ұрпаққа мәңгі өнеге.