Ғасыр жасаған кино мұрасы

Ғасыр жасаған кино мұрасы

 

2026 жылы  2-ші қазан  күні  сағат  11.00-де   Шерхан  Мұртаза  атындағы Халықаралық Тараз университеті Ақпараттық-кітапханалық орталығының №4 оқу залы ұйымдастыруымен  қазақ киносының тарихында өшпес із қалдырған, ұлттық кино өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті режиссер Абдолла Қарсақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай, режиссер  шығармашылығына арналған  «Ғасыр жасаған кино мұрасы» атты ойталқы кеші өтті.

Кештің басты мақсаты — қазақ киносының көрнекті тұлғасы Абдолла Қарсақбаевтың өмір жолы мен шығармашылық мұрасын кеңінен таныстыру, режиссердің ұлттық кино өнеріне қосқан үлесін дәріптеу, оның шығармалары арқылы өскелең ұрпақтың кино өнеріне деген қызығушылығын арттыру.

Кеште  қатысушыларға режиссердің өмір жолы, шығармашылық қызметі, қазақ киносына қосқан үлесі, негізгі фильмдері мен балаларға арналған туындылары туралы мазмұнды презентация ұсынылды. Абдолла Қарсақбаевтың шығармашылығында бала әлемін шынайы бейнелеу, ұлттық болмыс пен адамгершілік құндылықтарды жеткізу ерекшеліктері кеңінен сөз болды.

Ойталқы барысында қатысушыларға режиссер шығармашылығына байланысты түрлі пікірталас сұрақтары ұсынылып, өз ойларын еркін білдіруге мүмкіндік берілді. Әсіресе, «Келісемін-келіспеймін» әдісі арқылы қатысушылар режиссердің шығармашылығы мен фильмдеріндегі көтерілген мәселелерге қатысты өз ұстанымдарын білдіріп, пікірлерін дәлелдеуге тырысты. Қазақ киносының алтын қорына айналған туындыларға қайта үңіліп, режиссер шығармашылығының терең мәні мен тәрбиелік маңызы туралы ой бөлісті. Сондай-ақ «Кадрды таны»  интелектуалды ойыны ұйымдастырылып, қатысушыларға Абдолла Қарсақбаевтың фильмдерінен алынған көріністер көрсетілді. Кино үзінділеріне байланысты қойылған сұрақтар арқылы қатысушылар өздерінің фильмдер туралы білімдерін сынап, есте сақтау қабілеттерін байқатты. Бұл туындылардың қазақ киносының алтын қорындағы орны мен тәрбиелік мәні туралы пікірлер айтылды. Абдолла Қарсақбаевтың кино әлемінде қалдырған ізі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын рухани мұра.