Сырлы сөздің шебері

Сырлы сөздің шебері

2026 жылдың  16-шы  қазан күні  Ақпараттық-кітапханалық орталығы  № 2 оқу  залында Сайын Мұратбековтің  90  жылдық мерейтойына орай     « Сырлы сөздің шебері » атты  поэзиялық  іс-шара өткізілді.

      Іс-шара  мақсаты— жастарға жазушының өмірі мен шығармашылығын таныту, олардың кітап оқуға деген ынтасын арттыру, тарихи-мәдени және рухани мұраларды сақтау, шығармаларындағы бауырмалдық, достық құндылықтарын насихаттау.

       Көрнекілік ретінде жазушының суреттері , слайдтар мен бейнебаян көрсетілді. Жазушының шығармашылығына арналған    «Сайын Мұратбеков әлемі» атты кітап көрмесі қойылды.

 

       Әдебиет – адам жүрегіне жол табатын құдіретті өнер. Ол бізді ойландырады, толғандырады. Жазушы жайында Шерхан Мұртаза ағамыз:  «Сайын-біздің ұлттық құндылығымыз, оның шығармасының ғұмыры ұзақ»,-деген еді.

Сайын Мұратбеков – адам жанының нәзік сырларын, ауыл өмірінің шынайы көріністерін, балалық шақтың мөлдір естеліктерін көркем сөзбен, романтизммен суреттеген қаламгер. Оның әрбір шығармасынан туған жердің тынысы, адам жүрегінің жылуы, мейірім мен сағыныш сезіледі.

Бүгін біз жазушының өмір жолына тоқталып, көркем шығармаларынан үзінділер тыңдап, поэзия мен прозаның үндестігін сезіндік.  Іс-шара  «Қаламгерге тағзым» атты  Сайын Мұратбековтің рухына арналған поэзиялық арнаумен басталды. Туған жердің иісі, балалық шақтың естелігі, ауылдың қарапайым тіршілігі – Сайын Мұратбеков шығармаларының басты көркемдік әлемі.

«Жусан иісі» – қазақ әдебиетіндегі балалық шақ тақырыбын терең қозғаған шығармаларының бірі.

Осы шығарма төңірегінде, туған жер мен балалық шаққа арналған өлеңдер оқылды.

Адам өмірден өтсе де, оның артында қалдырған асыл мұрасы мәңгі жасайды.

Қаламгердің өмірі – жазған шығармаларында, ал жүрек сөзі – оқырман жадында.

Сайын Мұратбеков шығармаларының тақырыбы ешқашан ескірмейді. Себебі ондағы жусан иісі -туған жердің иісі, ондағы кейіпкерлер-біздің адами болмысымыз.