
Оң қол –адам жанының жұмбағы
2026 жылы қарашаның 25 күні сағат 12.20-да Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде Ақпараттық-кітапханалық орталығының ұйымдастыруымен №3 оқу залында Төлен Әбдіктің « Оң қол –адам жанының жұмбағы » атты әдеби кеш өтті.
Мерекелік іс-шара мақсаты:
- Білім алушы жастарға жазушының өмір жолы мен әдеби мұрасы туралы жастардың білімін кеңейту.
- «Оң қол» әңгімесіндегі кейіпкерлер жүйесі мен оқиға желісін талдау.
- Қатысушыларды өз ойын дәлелмен айтуға, пікір алмасуға және көркем мәтінді зерделеуге баулу.
- Адамға түсіністікпен қарау, қиын жағдайға тап болған жанға қолдау көрсету құндылықтарын насихаттау.
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Төлен Әбдікұлының өмірі мен шығармашылығын таныстыру, «Оң қол» әңгімесінің идеялық-көркемдік мазмұнын терең түсіндіру,оқырманның көркем шығармаға қызығушылығын арттыру. Шығарма арқылы адам жанының күрделілігі, психологиялық күйзеліс, мейірім, жанашырлық, өмірдің қадірі мен адамдық жауапкершілік туралы ой қозғау.
Әдеби кеш барысында көрермендерімізге қазақ әдебиетін байытып, үздік шеберлікпен жасалған асыл дүниелерімен абыройын биіктеткен Төлен Әбдіктің өмірі мен шығармашылығы жайлы бейнеролик көрсетілді.
Білімгерлердің білімін арттыру мақсатында интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, Төлен Әбдіктің еңбектерінен кітап көрмесі қойылды.Әдеби кеш барысында қонағымыз «Экономика және бизнес» факультетінің Тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Ержегитова Алина Ермекқызы, оқытушы Жуанышева Бану Қанатқызы «Қаржы және есеп » кафедрасының оқытушылары Тажибаева Жанар Сериковна,Ахиева Ақбота Талғарқызы Төлен Әбдіктің қазақ әдебиетінде ерекше орын алатынын, оның еңбегі зор және бұл әдеби кешке 1,2 курс студенттері үшін өте пайдалы және нәтижелі,ағартушылық маңызы болғандығын айтты.