Жырмен өрілген ғұмыр

Жырмен өрілген ғұмыр

2026 жылы  6-шы  қараша  күні  сағат  12.00-де   Шерхан  Мұртаза  атындағы Халықаралық Тараз университеті  Ақпараттық-кітапханалық орталығы  №4 оқу залында  Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын, Қазақстанның халық жазушысы, филология ғылымдарының докторы, әдебиеттанушы ғалым Тұрсынхан Әбдірахманованың туғанына 105 жыл толуына орай  ақын  шығармашылығына арналған «Жырмен өрілген ғұмыр» атты поэзия кеші ұйымдастырылды.

Кештің мақсаты – ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оның қазақ әдебиетіндегі алар орнын таныту, жастардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру және көркем сөзге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

Кеш барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылық мұрасынан сыр шертетін бейнепрезентация көрсетіліп, қатысушылар Тұрсынхан Әбдірахманованың өнегелі өмірі мен әдеби еңбектері туралы мол мағлұмат алды. Әдеби кештің мазмұнын аша түскен «Өлең – жүректің сөзі» атты поэзия минутында студенттер ақынның жүрек тебірентер жырларын мәнерлеп оқып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар «Ақынның бір күні» атты сахналық қойылым ұсынылып, ақынның өмірі мен шығармашылық әлемі сахна арқылы көрініс тапты.

Кештің қызықты бөлімдерінің бірі – «Жыр додасы» атты интерактивті әдеби сайыс болды. Сайыс барысында студенттер ақын шығармашылығына қатысты білімдерін ортаға салып, әдеби танымдары мен зеректіктерін сынға түсірді. Поэзия кеші тағылымы мол, рухани әсерге толы мазмұнды іс-шараға айналды. «Жырмен өрілген ғұмыр» кеші арқылы қатысушылар ақынның өлмес мұрасымен қайта қауышып, өлең құдіретін сезінді.

Ақынның жырлары – ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын рухани қазына. Уақыт өтсе де, жүректен шыққан жырдың ғұмыры мәңгілік!