Қазақ  ғылымының  жарық  жұлдызы

Қазақ ғылымының жарық жұлдызы

 

2026 жылы  13-ші  қараша  күні  сағат  11.00-де   Шерхан  Мұртаза  атындағы Халықаралық Тараз университеті  Ақпараттық-кітапханалық орталығы  №4 оқу залында қазақтың көрнекті ғалымы, қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш биология  ғылымдарының  докторы, профессор, физиолог,  академик Нәйлә Базанованың туғанына 115 жыл толуына орай «Қазақ  ғылымының  жарық  жұлдызы»  атты танымдық-кездесу кеші ұйымдастырылды.

               Кештің мақсаты — Қазақтың көрнекті ғалымы, тұңғыш биология ғылымдарының докторы, профессор Нәйлә Оразғұлқызы Базанованың өнегелі өмір жолы мен ғылымға сіңірген еңбегін жас ұрпаққа кеңінен таныстыру, отандық ғылымның дамуына үлес қосқан тұлғаның мұрасын насихаттау.

Кеш барысында қазақ ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосқан Нәйлә Оразғұлқызы Базанованың өмір жолы мен ғылыми қызметіне арналған бейнепрезентация көрсетіліп, ғалымның ғылымдағы сара жолы мен еңбектері кеңінен таныстырылды. Іс-шараның танымдық әрі қызықты өтуіне орай студенттерге арналған «Биошар», «Микроскоппен дәл тап!», «Молекула» сергіту ойындары ұйымдастырылды. Ал «Құпия конверт – білім мен тапқырлық алаңы», «Қара жәшіктің құпиясы» логикалық ойындары мен «Ғылымға саяхат» интеллектуалды сайысы қатысушылардың білімін шыңдап, ойлау қабілеті мен тапқырлығын арттыра түсті. Сонымен қатар «Ғалым зертханасы» бөлімінде қызықты ғылыми тәжірибелер көрсетіліп, көрермендер табиғаттың тылсым сырларына үңілуге мүмкіндік алды. «Бір минуттық ғалым» шығармашылық тапсырмасында студенттер ғылымға қатысты тақырыптар бойынша өз ойларын еркін жеткізіп, білімдері мен шешендік қабілеттерін танытты.

Белсенділік танытып, интеллектуалды тапсырмалар мен сұрақтарға үздік жауап берген студенттерге ғылымға деген құштарлық пен ізденістің символы ретінде «Ғылым кілті» табысталды.

Кештің ерекше әсерлі сәттерінің бірі – Нәйлә Оразғұлқызы Базанованың өнегелі өмірі мен ғылымға арнаған ғұмырын бейнелейтін «Ғылымға апарған жол – тағылымға толы ғұмыр» атты сахналық көрініс болды.

Тағылымды кездесудің қорытынды бөлімінде өткізілген «Ғылым ағашы» тренингі арқылы қатысушылар өздерінің арман-мақсаттары мен ғылымға қатысты ізгі тілектерін ортаға салып, болашаққа деген сенімдерін білдірді. Іс-шара соңында «Биология және ауылшаруашылық мамандықтар» кафедрасының оқытушыларына сөз беріліп, олар өз ой-пікірлері мен жылы лебіздерін жеткізді.