«Шырағың сөнбесін» романы оқырмандар жүрегінде

«Шырағың сөнбесін» романы оқырмандар жүрегінде

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз универститеті Ақпараттық-кітапханалық орталығының №5 оқу залында Педагогика факультетінің студенттері мен оқытушылардың қатысуымен қазақ әдебиетінің алтын қорына енген Тахауи Ахтановтың “Шырағың сөнбесін” романына арналған тағылымды талқылау кеші ұйымдастырылды.
«Күзгі әдеби кеш» форматында өткен рухани шараның басты мақсаты — жастар арасында кітап оқу мәдениетін насихаттау, ұлттық әдебиетіміздің жауһарларын тереңірек зерделеу және болашақ педагогтердің рухани-адамгершілік құндылықтарын арттыру.
Кеш барысында студенттер романның тарихи маңызына, соғыс жылдарындағы әйел-аналардың қайсарлығы мен тағдыр тауқыметіне терең талдау жасады. Шығарманың басты кейіпкері Нәзираның бейнесі арқылы сол кезеңнің шындығы мен адамгершілік биік мұраттары кеңінен сөз болды. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, кеш үшін арнайы дайындалған интеракиивті ойындар арқылы шығарманың мазмұны және шығарманың бүгінгі күнмен сабақтастығын талқылады.
Еркін пікір алмасу мен жылы шырайлы атмосферада өткен «Күзгі әдеби кеш» жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, рухани азық сыйлады.