«Соңғы көш – ұлттық рухтың айғағы» әдеби-талқылау кеші

«Соңғы көш – ұлттық рухтың айғағы» әдеби-талқылау кеші

📚 «Соңғы көш – ұлттық рухтың айғағы» әдеби-талқылау кеші

2026 жылғы 30 сәуір күні Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің «Педагогика» факультеті, №5 оқу залында “Бір ел – бір кітап” акциясы аясында қазақтың көрнекті жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың 90 жылдығына арналған әдеби кеш өтті.

📖 Жазушының шығармашылық мұрасын дәріптеу, жастардың бойында отансүйгіштік пен тарихи сананы қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шарада оқырмандарға жазушының өмірі мен шығармашылық жолы кеңінен таныстырылып, бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ, шараға қатысқан университеттің оқытушылары жазушының шоқтығы биік туындысы – «Соңғы көш» дилогиясын талқыласа, романның  ең әсерлі эпизодтарынан кітапхана оқырмандары монолог оқып, Отанға деген сүйіспеншілігін өз өлеңдерімен жеткізді. Кеш барысында оқырман назарына арнайы дайындалған жадынама таратылып QR-код арқылы Қабдеш Жұмаділовтың«Соңғы көш», «Тағдыр», «Дарабоз» сияқты белгілі шығармаларының электронды форматы ұсынылды. Кеш соңында кітапханашы жасанды интелект арқылы жазушының шығармаларына библиографиялық шолу жасады.

👥 Кешке «Педагогика» факультетінің оқытушылары мен «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының 2 курс студенттері қатысты.

✨ Іс-шараның мақсаты – Жазушы Қабдеш Жұмаділовтың өмірі мен шығармашылығына тоқталып, шығармаларының құндылығына көз жеткізіп, жастардың бойында отансүйгіштік пен тарихи сананы қалыптастыру, кітап оқуға шақыру.