Тарих ақиқатын ұлт жадында жаңғыртқан ғалым

Тарих ақиқатын ұлт жадында жаңғыртқан ғалым

Ш.Мұртаза атындағы  Халықаралық  Тараз университеті 2026 жылдың  16-шы  қараша күні  Ақпараттық-кітапханалық орталығы  № 2 оқу  залында  көрнекті тарихшы, мемлекет және қоғам қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, академик   Манаш Қозыбаевтың   туғанына 95  жыл толуына   орай  «Тарих ақиқатын ұлт жадында жаңғыртқан ғалым»   атты  тарихи-танымдық іс-шара   өткізілді.

       Іс-шараның мақсаты мен міндеттері:

 Мақсаты: Ғалым Манаш Қозыбаевтың ғұмырының барлық кезеңдерін қамти отырып, оның қоғамдық саяси қызметін, шығармашылық мұрасын, ғалым-тарихшы ретінде таныстыру. Қазақстан тарихы ғылымын реформалауға, отандық тарихтың «ақтаңдақ беттерін» ашуға қосқан үлесін көрсету. Өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, ұлттық намыс пен зияткерлікке баулу.

Көрнекілік: ғалымның өмірі мен қызметі жайлы видеобаян, ғалымның еңбектері мен мақалалары  қойылған кітап көрмесі, Алаш қайраткерлерінің фотосуреттері.

     Тарих — бұл жай ғана өткен кезең емес. Ол — халықтың жады, ұрпақтар тағдыры туралы шындық. Манаш Қабашұлының  бүкіл ғұмыры  Қазақстан тарихын терең зерттеуге, оның ішінде, ұлт-азаттық қозғалыстарды, ашаршылық пен қуғын-сүргін қасіреттерін,  Ұлы Отан соғысы жылдарын  зерттеп-зерделеуге арналды.

Манаш  Қозыбаев— советтік тоталитарлық жүйенің қыспағында жүріп-ақ, ұлттық  мүддені бірінші орынға қоя білген, тәуелсіздік жылдарында отандық тарих ғылымын жаңа арнаға бұрған реформатор.

Бүгінгі іс-шарамызға   «Шығармашылық мамандықтар» факультетінің ЕБКН 26-1  тобы  қатысты.Осыған орай біздің  алдыға қойған міндетіміз- ғалымның қоғамдағы алар орны мен ғылыми еңбектерінің құндылығын, маңыздылығын ашып көрсету, оның   қазақ ұлтына  қалдырған еңбектерін  кішігірім талдауға арналды.

Ұлы ғалымның артында қалған мол мұрасы — бүгінгі тәуелсіз еліміздің берік рухани діңгегі. Халқының өшкенін жандырып, өлгенін тірілткен Манаш Қабашұлының есімі ешқашан ұмытылмақ емес.