Дала қоңырауы және ұлттық таным

Дала қоңырауы және ұлттық таным

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Ақпараттық кітапханалық орталығы №5 оқу залында қазақтың көрнекті жазушысы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай әдеби кеш ұйымдастырылды. Жазушының шығармашылық мұрасын дәріптеу, жастардың бойында отансүйгіштік пен тарихи сананы қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шарада оқырмандарға жазушының өмірі мен шығармашылық жолы кеңінен таныстырылды. Шараға қатысқан университтің оқытушылары жазушының еңбектеріне тоқтала отырып жастарға ақ бастасын берді. Сондай-ақ, Ұлы ағартушының құрметіне ұйымдастырылған әдеби кеш аясында білім мен ғылымның символы ретінде салтанатты түрде қоңырау соғылды. Кітапхана оқырмандары Ыбырай Алтынсариннің білім мен ғылымға шақырған өлең жолдарын оқыса, жасанды интеллект (ЖИ) технологиясы арқылы дайындалған «Әке мен бала» туындысы экран арқылы таныстырылып, студенттерге соның негізінде тапсырмалар үлестірілді. Бұдан бөлек, қатысушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында және  студенттердің тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған «Өзіме, досыма» тренинг-ойыны өткізіліп, қатысушылар өзара пікір алмасып, бір-біріне деген достық лебіздерін білдірді. Кеш соңында белсенділік танытып, тапсырмаларды шығармашылықпен орындаған студенттер арнайы алғыс хаттармен марапатталып, кітапханашы жазушының шығармалары қойылған кітап көрмесіне шолу жасады.