
«Шығыс әлемінің шоқ жұлдызы» – тағылымды шара өтті
2025 жылдың 6 мамырында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде ұлы ғалым, саяхатшы, этнограф Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай «Шығыс әлемінің шоқ жұлдызы» атты мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шара мақсаты – Шоқан Уәлихановтың ғылымға қосқан үлесін таныту, жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Шара барысында Шоқанның өмірі мен шығармашылығына арналған бейнематериал көрсетіліп, арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда оның еңбектері, портреттері мен суреттері қойылды.
«Еңбекке баулу және кәсіпкерлік негіздері» мамандығының студенттері Уәлихановтың экспедициялары мен этнографиялық жазбалары туралы пікірлерімен бөлісіп, тың деректермен таныстырды.
Студенттер арасында танымдық-интеллектуалдық ойын ұйымдастырылып, олардың білімін тереңдетуге бағытталған қызықты сәттер болды.
Кеш соңында сөз алған оқытушы Қуатбекова Раушан Лесбекқызы: «Шоқан Уәлихановтың еңбектері – қазақ ғылымына қалдырылған баға жетпес мұра» екенін атап өтті.
Осындай тағылымы терең іс-шаралар арқылы біз өткенге тағзым етіп, болашаққа бағыт аламыз!