Қазақстан Республикасы білім және ғылым кітапханаларының қауымдастығының жалпы жиналысы өтті

2026 жылғы 21 қазан күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасында Қауымдастықтың жалпы жиналысына Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің атынан Ақпараттық-кітапханалық орталығының директоры Сапарғалиева Сымбат Нурғалиқызы қатысты.

Жиналысқа Қауымдастық мүшелері мен сала өкілдері қатысып, ұйымның алдағы қызметіне қатысты маңызды мәселелерді талқылады.

Күн тәртібіне сәйкес, Қауымдастық төрағасы мен хатшысын сайлау, Қауымдастық Жарғысының жаңа редакциясын бекіту, өңірлік өкілдіктерді дамыту және филиалдар мен өкілдіктер құру тәртібі қарастырылды.

Сонымен қатар Қауымдастықтың басқарушы және бақылаушы органдарын сайлау, мүшелік жарналардың мөлшері мен төлеу тәртібін бекіту, ұйым қызметінің негізгі бағыттарын айқындау мәселелері талқыланды.

Жалпы жиналыс барысында Қауымдастықтың жұмысын жетілдіру, өңірлермен байланысты нығайту және алдағы кезеңдегі қызметін жүйелі ұйымдастыру мәселелеріне назар аударылды.

Аталған жиын Қауымдастық қызметінің негізгі бағыттарын айқындауға, өзара ынтымақтастықты дамытуға және кәсіби байланысты нығайтуға мүмкіндік берді.