Қазақтың хас ақыны – Қасым Аманжоловтың  туғанына   115 ЖЫЛ

Қазақтың хас ақыны – Қасым Аманжоловтың туғанына 115 ЖЫЛ

2026 жылы  15-ші  қазан күні  сағат  12.30-да Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз  университетінің   Ақпараттық-кітапханалық орталығы  №3 оқу залының ұйымдастыруымен «Қазақтың хас ақыны – Қасым Аманжолов» арналған   әдеби кеші  ұйымдастырылды.

Әдеби кештің мақсаты:

Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, студенттердің әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, ақын мұрасы арқылы отансүйгіштікке, рухани құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:

Қасым Аманжоловтың портреті, кітап көрмесі, ақын туралы бейнеролик, презентация, нақыл сөздер. Көрмеде ақынның өлең жинақтары, поэмалары, өмірі мен шығармашылығына арналған зерттеу еңбектері және әдеби материалдар ұсынылған.

Ақынның еңбектерін насихаттау мақсатында өткен ш әдеби кеште Қасым Аманжоловтың  өмірбаяны мен шығармалары, еңбегі туралы баяндалды. Заң факультетінің ққп 26-1, 1 курс студенттері әдеби кешке белсене қатысты.Ой бөлісіп,пікір білдіріп арнайы ойынға қатысты. «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы, «Туған жер», «Өзім туралы» сияқты қазақ әдебиетінің алтын қорына енген классикалық туындылардың авторы. Сонымен қатар, А. Пушкин, М. Лермонтов, Дж. Байрон шығармаларын қазақ тіліне шебер аударған тұлға.

Әдеби кештің ең жарқын сәті – дарынды студенттің ақынның соғыстан кейінгі жылдары жазылған әйгілі «Дариға, сол қыз!» өлеңін 25-1 тобының  4 курс студенті Рысмахамбет Ерасыл асқан шеберлікпен орындады.