САУРЫҚОВ ЕРБОЛАТ БАЙҰЗАҚҰЛЫ

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық университетінің  президенті

 

САУРЫҚОВ ЕРБОЛАТ БАЙҰЗАҚҰЛЫ

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық университетінің  президенті


Саурықов Ерболат Байзақұлы 1971 жылдың 12 қыркүйегінде Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Фурмановка селосында дүниеге келген.


1989-1994 жылдары аралығында Жамбыл педагогикалық институтының «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын, 2009-2011 жылдары Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын үздік дипломмен аяқтап, өзінің алғашқы ғылымдағы жолын 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Жалпы тіл білімі» кафедрасының ғылыми ізденушісі ретінде бастаған.


2008 жылы Сібір автомобиль-жол академиясының диссертациялық кеңесінде диссертация қорғады. 2009 жылы экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.


1995-1998 жылдары аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің күндізгі бөлім аспиранты және Президенттік стипендияның иегері.


1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Салыстармалы-тарихи, типологиялық және салғастырмалы тіл білімі» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғаған.


1998-2000 жылдары университет жанындағы «Көне түркі жазба ескерткіштері» ғылыми-зерттеу орталығында ғылыми қызметкер және «Жалпы тіл білімі» кафедрасының оқытушысы қызметтерін атқарған.


2000-2001 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Қазақ тілі» кафедрасының меңгерушісі және осы кезең аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі Мемлекеттік стипендиясының иегері атанды.


2004-2006 жылдары Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры, ал, 2006-2010 жылдары А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Тараз институтында «Құқықтану және тарих», «Филология» факультеттерінің деканы, институт директорының ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.


2011-2012 жылдары Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің бірінші проректоры қызметін атқарды.


2015-2023 жылдар аралығында Жамбыл облысы бойынша «АУЫЛ» ХДПП филиалының төрағасы.


2023 жылғы наурыздан бастап - VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «АУЫЛ» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының партиялық тізімі бойынша сайланды.


Жазған кітаптары .

1. Ыбырай Алтынсарин педагогикасы. Ахмет Байтұрсынұлы педагогикасы

2. ТИГУ ЖАРШЫСЫ

3. "БІЛІМДІ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ:БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ" Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясының еңбектер жинағы

4. Ұлы Жібек жолы және Ұлы дала тарихы (ХІІ-ХІVғғ.)

5.Түркі тілдеріндегі үстеу сөз табы: даму тарихы және қалыптасуы

6."ҒЫЛЫМ МЕН ИННОВАЦИЯ-ЖАСТАР БОЛАШАҒЫ" атты студенттердің 12-ші Республикалық ғылыми - тәжірбиелік конференцияның МАТЕРИАЛДАРЫ

7. Шерхантану

8. Стенограммалар

9. Зау тұлға (9-кітап)

10. "ҰЛЫ ДАЛА ӨРКЕНИЕТІ" атты Халықаралық Конгресс МАТЕРИАЛДАРЫ

11. "ЖАҺАНДАНУ ЗАМАНЫНДАҒЫ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМ" атты республикалық ғылыми-практикалық конференция МАТЕРИЯЛДАРЫ

12."Заманауи педагогика және білім:проблемалар, мүмкіндіктер және даму болашағы" атты Халықаралық ғылыми -практикалық конференцияның материялдыры

13. Тәуелсіздік жылдарындағы драматургия

14. Қазақтың Шерағасы 80 жаста

15. "ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫН ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРТУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ" Халықаралық ғылыми - тәжірбиелік конференциясының материялдары

16. "ҚАЗАҚСТАН- 2050"- ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ БОЛАШАҚҚА БАҒДАРЫ" Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары

17. "Қазақстан - 2050" стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы бойынша оқу құралы

18. Шерхан Мұтазаның публицистикасы (4-кітап)

19. Шерхан Мұртаза: Библиографиялық көрсеткіш

20. Ш.Мұртазаның публицистикасы

21. Тәуелсіздіктің жолы қатты, дәмі тәтті

22. Тәуелсіздік толғамдары

23. Қазақтың Шерағасы

24. Қазақтың Шерағасы

25. Үстеу сөз табы:тарихи дамуы және қалыптасуы

Сарыбеков Махметгали Нургалиевич

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық университетінің ректоры

 

Сарыбеков Махметгали Нургалиевич

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық университетінің  ректоры>


Сарыбеков Махметгали Нургалиевич


Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы, 1956 жылы 22 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгір (қазір – Төле би) ауданы, Қазығұрт ауылында ұстаздар отбасында дүниеге келді. Ұлты - қазақ.


1978 жылы Жамбыл мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультетін «физика» мамандығы бойынша үздік бітіріп шықты.


Ұстаздық еңбек жолын (1978-1981) Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Ванновка ауылының М.В.Ломоносов атындағы орта мектебінде мұғалім болып бастады.


1981 ж. Мәскеу қаласында КСРО Педагогика Ғылымдары Академиясы аспирантурасының күндізгі бөліміне түсіп, кандидаттық диссертацияны мерзімінен бұрын қорғап шықты.


1984-1996 ж.ж. Жамбыл мемлекеттік педагогикалық институтында аға оқытушы, «Педагогика» кафедрасының доценті, «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, педагогика факультетінің деканы, оқу жұмыстары жөніндегі проректор қызметін атқарды.


1996 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің докторантурасына түсіп, мерзімінен бұрын докторлық диссертацияны қорғап шықты.


1998-2001ж.ж. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректор, оқу жұмыстары жөніндегі проректор қызметін атқарды.


2001-2004ж.ж. – Еуразия гуманитарлық институтының ректоры /Астана қ./.


2004 жылдың наурыз айынан бастап 2009 жылдың қараша айына дейін – Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры болып қызмет атқарды.


2009 жылдың қараша айынан бастап (ҚР Үкіметінің 2009 жылдың 16 қарашасындағы №1850 Қаулысы) . 2012 жылдың қараша айына дейін – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі.


2012 жылдың қараша айынан бастап 2021 жылдың қаңтар айына дейін М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры.


2021 жылдың 15-ші қаңтарында Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланды.


Республика және облыс деңгейінде қоғамдық жұмысқа белсене қатысады: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми кеңестің төрағасы (2013-2019), «Nur Otan» Партиясы Республикалық саяси кеңесінің мүшесі (2015-2019), Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы (2013-2019), Оңтүстік өңірлік ректорлар кеңесінің төрағасы (2012-2020), Жамбыл облыстық Қазақстан халық Ассамблеясының «Әулие-ата» этномәдени Орталығының төрағасы, Жеке кәсіпкерлікті дамыту «Бизнес-2020 жол картасы» бойынша облыстық конкурстық комиссиясының төрағасы (2013-2019), «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» АҚ қамқоршылық кеңесінің мүшесі, «Nur Otan» Партиясы Жамбыл облыстық филиалының бюро мүшесі.


Мемлекеттік, ведомствалық және мерейтойлық наградалармен марапатталған: «Құрмет» ордені, Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет Грамотасы, «ҚР білім саласының құрметті қызметкері», «ҚР ғылымын дамытудағы үлесі үшін» төсбелгілері, ҚР БҒМ медальдары «Үздік ректор-2005», «Үздік ректор-2006», Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалі, «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Халқы Ассамблеясына 25 жыл».


Құрметті атақтары бар: «Тараз қаласының Құрметті азаматы», «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері».


Үйленген. Үш баласы, он екі немересі бар.


Үйленген. Үш баласы, он екі немересі бар.


Жазған кітаптар .

1. Ұлы дала халқы мәдениетіндегі қоршаған орта

2. Криминология

3. Киелі Әулиеата келбеті

4. Словарь науки

5. Қазақтың табиғат қорғау дәстүрлерінің тарихы мен тәрбиелік мәні

Абай Құнанбайұлы

Абай Құнанбайұлы

Абай (Ибраһим) Құнан­байұлы қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.



1950 жылы Абайдың өмірбаяны атты  еңбек жазған Мұхтар Әуезов: Абай осы күнгі Семей облысындағы Шыңғыс деген тауды жайлаған Тобықты руының ішінде, 1845 жылы туған. Абайдың өз әкесі Құнанбай, оның әкесі Өскембай, үшінші атасы Ырғызбай. Бұлардың барлығы да ру ішінде үлкен үстемдік жүргізген адамдар. Өскембай — Ырғызбайдың өзге балаларының ішінде ең дәмелісі болды. Сол кездегі Кеңгірбай маңайындағы ағайын-туысқан, іні-баласының бәрінен пысық, епті болыпты.


Абай көпті көрген әжесі Зеренің тәрбиесінде болды. Шешесі Ұлжан да ақылды ананың бірі болған. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы орта жасқа келгенде атқа мініп, ел билеу жұмысына араласқан заманы, Ресей патшалығының Қазақстанның батысы мен орталық аймағын отарлап, ел билеу жүйесін өз тәртібіне көндіре бастаған кез.


Құнанбай өз заманында ел басқарған адам болды. Ол ел билеу ісіне балаларының ішінде Абайды баулып, араластырды. Абайды оқудан ерте тартып, оқудан шығарып алуы да сол билікке ұлын қалдыру мақсатында еді. Әке еркімен ел ісіне жастай араласқан Абай тез есейіп, балалықтан да ерте айырылып, жастайынан ел ішіндегі әңгіме, сөз өнерін, билердің шешендік өнеріне құлақ салып, өзінің ерекше талантымен бойына сіңіре білді. Елі үшін әділет жолын ұстанған Абайдың үстінен арыз да жазылып, үш-төрт ай тергеліп, ақталып шықты.


Әке-шешесінің қасында жүрсе де жас Абай оқудан қол үзбейді, бос уақытында қазақтың мәдениетін, араб, парсы, шағатай тілдерін үйренеді. Шығыс әдебиетінің алыптары Низами, Хожа Хафиз, Науаи, Физули т. б. ақындарының өлеңін жаттап өседі. Кейін ол орыс әдебиеті мен тілін өздігінен үйреніп, орыстың ұлы ойшылдары Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Щедрин, Некрасов т. б. Шығармаларымен танысады. Сонымен бірге ағылшын ғалымы Дарвиннің, Шекспирдің шығармаларын да оқиды. Соның арқасында дүниетанымын кеңітіп, білімін шыңдай береді. Абай ауқатты отбасынан шықса да халқына үнемі жақын болды, олардың дауын даулап, мұңын жоқтады.


Жасы отыздан асқан Абай орыс тіліндегі кітаптарды мықтап оқуға бұрылады. Сол кезде Семейге айдалып келген орыс демократтарымен танысады. Соның ішінде өзінің ерекше танысып, араласқаны Михаэлис болды. 1880 жылдары айдалып келген Долгополов, Леонтьевтермен да танысып, өзі олардан үйрене жүріп, өзі де оларды халқының салт-дәстүрімен таныстырып, қол ұшын берді.


Ақынның шығармашылықпен еркін араласуы 1860 жылдар болды. Ол кезде Абай өлеңдерін басқа аттармен жариялаған, тек 1886 жылы «Жаз» деген өлеңінен бастап өз атын қоя бастайды. Ақынның «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғұтыр», сонымен қатар «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Сегіз аяқ» өлеңдерінің сол кездегі әлеуметтік жағдайларды түсіну үшін маңызы зор.


Абай өлеңдерінің тақырыбы жан-жақты әлеуметтік аясы кең. Өлеңдері халықты өнерге, білімге, ғылымға шақырады, әрі жанға жайлы, жүрекке жылы тиетін махаббат өлеңдері болып келеді. Сондықтан Абай өлеңдері XIX ғасырдағы «қазақ қоғамының айнасы» деп те аталады. Ақын 1904 жылы туған жерінде қайтыс болды. Сүйегі Жидебай деген жерге қойылды. Қазір сол Жидебайда ақынның өзі тұрған үйде әдеби-мемориалдық мұражайы бар. Жер бетіндегі күллі қазақ қауымы өздерінің ұлы Абайымен мақтанады. Олар күн өткен сайын Абайды жаңа қырынан тануда. Өйткені Абай мұралары бүгін де, болашақта да өзінің өміршеңдігімен мәңгі жасайтын ғажап туындылар.


Ақынның өз кіндігінен он бала тарады. Бәйбішесі Ділдәдән: Ақылбай, Әкімбай, Әбдірахман, Райхан, Күлбадан, кенже баласы Мағауия. Екінші әйелі Әйгерімнен (Шүкіман) – Тұрағұл, Мекайыл, Ізкәйіл, Кенже. Абайдың үміт күткен талантты балалары: Әбдірахман, Мағауия, Тұрағұл, Мекайыл. Әкелерінің өлеңдерін жатқа айтып, халық арасына таратқан, әнші, домбырашы болған.


Абай есімін еске қалдыру мақсатында көптеген шаралар жүзеге асты. Ең алдымен, Жидебайдағы Абай қыстауы қалпына келтіріліп, ол Семейдегі Абай қорық мұражайының филиалына айналдырылды. Ақын жерленген зиратқа гранит пен мрамордан құлпытас орнатылды. Семейде және Қарауылда ескерткіш орнатылды.


Ақынның өз кіндігінен он бала тарады. Бәйбішесі Ділдәдән: Ақылбай, Әкімбай, Әбдірахман, Райхан, Күлбадан, кенже баласы Мағауия. Екінші әйелі Әйгерімнен (Шүкіман) – Тұрағұл, Мекайыл, Ізкәйіл, Кенже. Абайдың үміт күткен талантты балалары: Әбдірахман, Мағауия, Тұрағұл, Мекайыл. Әкелерінің өлеңдерін жатқа айтып, халық арасына таратқан, әнші, домбырашы болған.


Жазған кітаптары .

1.«Қара сөздер» Абай Академиясы

2. «Өлеңдер»

3. «Таңдамалы өлеңдер»

4. «Өлеңдер мен поэмалар»

5. «Қара сөздер мен аудармалар»

6.«Қара сөздер – поэмалар» Абай Академиясы

7. «Шығармаларының екі томдық толық жинағы. I том» Абай Академиясы

8. «Шығармаларының екі томдық толық жинағы. II том» — аудармалар мен қара сөздер. Абай Академиясы

9. «Шығармаларының бір томдық жинағы» Абай Академиясы

10.«Шығармаларының академиялық толық жинағы»

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Ақын , жазушы, философ, тарихшы, композитор.


Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы Семей облысының Абай ауданынының Шыңғыстау бөктерінде туған.


Шәкәрім Құдайбердіұлы қазіргі Семей облысында 1858 жылы, 11 шілде күні дүниеге келеді.


Шәкәрімнің әкесі Құдайберді ерте қайтыс болады. Бұл кезде Шәкәрім Құдайбердіұлы жеті жаста еді. Алпауыт атасы Құнанбайдың тәрбиесіне алынған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тартпаса да, әке қазасы жаны нәзік, көкірегі сезімді балаға оңай соқпағанға ұқсайды. Сол түста тебіренген балауса жүректен алғаш жоқтау, жыр өлең де көздің жасымен бірге кұйылады. Бірақ казақта екі ауыз өлеңді кім шығармайды? Жас баланың жаңағы талабы өмір күйбеңінің күлді-көмешіне алданып қалып қояр ма еді, қайтер еді, егер Шәкәрім Құнанбайдағы ерке тотай қалпынан тез ауысып, Абай тәрбиесіне көшпесе.


«Мұтылғанның өмірі» атты автобиографиялық өлеңінде Шәкәрім Құдайбердіұлы бес жасында ауыл молласынан сабақ ала бастағанын жазады. Әйтеуір, төрт-бес жыл көлемінде қара танып шықса керек. Бұдан кейін еш мектеп оқуынан өтпесе де, былайғы өмірі де өнер-білім қуған жастың өсу жолын аңғартады. Домбыра тарту, гармоньда ойнау, қаршыға, бүркіт баулып, саятшылық, жасау, сурет салу, өлең жазу, ғылымға құмарлану, қалтасындағы сағатының механизміне дейін ақтарьш-төңкеріп отырып, тоқтап қалса, өзі жүргізіп алатын мініскерлікке төселу, киімді өзінше тігіп киінуі — міне, бұның, бәрі сегіз қырлы, бір сырлы адамның қолынан ғана келетін іс. Бір сайлау мерзімі болыс та болып көреді. Артынша ол «еріксіз жемтік шоқыдым», «ар кетіп, айла жамылдым» деп опынады, ұлық болуды дәреже көріп, лоқығанына өкінеді, сусаған ғылымнан жырақтағанына налиды.


Шәкәрім Құдайбердіұлы — өз бетімен білім алып өскен адам. Әрине, жетекшісі Абай болған. Дүниеге көзқарасы да Абай ықпалымен қалыптасқан. Абайдың ақыңдыққа мүлде ден қойған шағы 1886-89 жылдар шамасы екені мәлім. Бұл кезде ұлы ақын қырықтың үстіне шықса, шәкірті Шәкәрім де оған серік боларлық жасқа келді. Жиырманы орталап тастады. Сондықтан Шәкәрім өткен Абай мектеп-университетінің программасында қандай «пәндер» оқылғанын алдымен оның мұғалімі ұстанған әдебиеттен білеміз. Мұхтар Әуезов зерттеуі бойынша, Абай «Орыстың белгілі жазушыларынан: Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков-Щедрин, Некрасов: сыншыл-ойшыл демократтардан: Белинский, Герцен, Байрон, философ білгіштерден: Спенсер, Спиноза, Льюис, Дарвин, Дрепер сияқты талайларды оқыған»


Жазған кітаптары .

1. «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі»

2. «Мұсылмандық шарты»

3. «Қазақ айнасы»

4. «Қалқаман-Мамыр»

5.«Еңлік-Кебек»

6.«Ләйлі-Мәжнүн»

7.«Нартайлақ-Айсұлу»

8. «Әділ-Мария»

9. «Дубровский әңгімесі» — А.С. Пушкиннен аударма.

10. «Үш анық» — философиялық еңбек.

Шерхан Мұртаза

Шерхан Мұртаза

Қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1992)


Шерхан Мұртаза - 1932 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ мекенінде туған.


1955 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.


«Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің тілшісі, әдеби қызметкері болды. 1963–1970 жж. «Лениншіл жас» газетінің редакторы..


Содан кейінгі уақытта «Жазушы» баспасының, «Жалын» альманахының, «Жұлдыз» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы әрі Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.


1989–1992 жж. «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, 1992–1994 жж. Қазақстан Республикасы мемлекеттік телерадио компаниясының төрағасы болып істеді. ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты болған.


Жазушының әр жылдары «Табылған теңіз» (1963), «Белгісіз солдаттың баласы» (1969), «Ахметжанның анты» (1973), «Мылтықсыз майдан» (1977) повестері, «41-жылғы келіншек» (1972), «Интернат наны» (1974) әңгімелері, «Қара маржан» (1977), бес кітаптан тұратын «Қызыл жебе», «Ай мен Айша» (1999) романдары, шығармаларының төрт томдығы (1990–2000), шығармаларының 6 томдығы, таңдамалы шығармаларының 7 томдығы, «Елім, саған айтам, ел басы, сен де тыңда» (К.Смаиловпен бірге) (1998), «Бір кем дүние» (2008) кітаптары жарық көрген.


Қазақ тіліне Г.Х.Андерсеннің әңгімелерін, венгр халық ертегілерін, Ш.Айтматовтың «Ботагөз», «Қош бол, Гүлсары», «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет», «Боранды бекет» туындыларын; Мұстай Кәрімнің «Біздің үйдің қуанышы» повесін, Э.Эрскиннің «Марыкчан балалары» романын, Л.Лагиннің «Хоттабыч қарт» повесін тәржімалады. «Әзиза» пьесасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің грантын жеңіп алды.


«Қара маржан» романы үшін 1978 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның Халық жазушысы. «Құрмет белгісі», «Отан (1999) ордендерімен, медальдармен марапатталған. ПЕН-клуб сыйлығының иегері (2003).


Жазушы 2018 жылы 8 қазанда Алматы қаласында қайтыс болған.


2022 жылғы 26 қазанда оқу орны "Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық университет" атағы берілді


Жазған кітаптары .

1.«Ай мен Айша»

2. «Қызыл жебе»

3. «Қара маржан»

4. «Интернат наны»

5.«Мылтықсыз майдан»

6.«41-жылғы келіншек»

7. «Табылған теңіз»

8. «Белгісіз солдаттың баласы»

9. «Бір кем дүние»

10. «Сталинге хат»

11. «Бесеудің хаты»

12.«Ахметжанның анты»

Әлімжан Елен Әбдуатұлы

Әлімжан Елен Әбдуатұлы

Жазушы, драматург, публицист.



1945 жылдың 18 маусымында Жамбыл облысының Талас ауданындағы Көмекші ауылында (кейін Аққұмға қосылған) дүниеге келген. Жазушы, драматург, публицист.


«Аққұм» жеті жылдық, Бостандық ауылындағы «Алғабас» орта мектебін бітірген (1961ж.), Әл-Фараби атындағы ҚҰУ-і филология факультетінің 1968 жылғы түлегі. Қазақ телестудиясының коментаторы (1968-70), Жамбыл облыстық «Еңбек туы» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі (1970-1976, 1999-2004), бас редакторының орынбасары (2004-2008), Қазақстан Компартиясы Жамбыл облыстық Комитетінің нұсқаушысы (1976-1980), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі (1980-1991), телерадио компаниясының төрағасы (1991-1996), «Түркістан» газетінде бөлім меңгерушісі, «Қазақ энциклопедиясы» баспасында жетекші маман (1997-1998), «Алтын шырақ» журналының жауапты шығарушысы (2006-2008), облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы ақпараттық талдау орталығының бөлім меңгерушісі (2008-2015) қызметтерін атқарған. 2004-2008 жылдары «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығында қосымша қызмет атқарды.


Елен Әлімжан облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып келеді. Ақын-жыршылар одағы облыстық бөлімшесінің жетекшісі ретінде 1980-90 жылдары облыста көптеген жас айтыс ақындарының қаулап өсіп шығуына тәлімдік көрсетті. «Жамбыл-Тараз» телерадиосы арқылы екі жыл бойы (2013-2015) қазақ халқының тарихын әңгімелеп берді. Еліміздің тәуелсіздігі және 25 жылда қол жеткен табыстары туралы түрлі аудиторияларда тұрақты лекциялар оқып тұрады. Тұңғыш «Ән сыры» атты әңгімесі Қазақстан жас жазушыларының «Таңғы шық» (1964) атты жинағында жарық көрген. «Оралу» (1978), «Көріпкел» (2000), «Ақ періште – арманым» (2016) әңгімелер мен хикаяттар, «Тақталас» (2006), «Толық адам туралы» (2005), «Бауыржанның пырағы» (2010), «Адамгершіліктің ақ жолы» (2013) атты пьесалар мен публицистикалар жинағының, «Анажар» (2019) романының авторы.


Елен Әлімжанның пьесалары М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында және бірсыпыра облыстық театрларда, халық театрларында қойылып келеді. «Тақталас», «Бір қазаққа бір қатын?!...» комедиялары орыс тіліне аударылып, Жамбыл облыстық орыс драма театрында, «Жанұран» комедиясы қырғыз тіліне аударылып, Қырғыз телерадиокорпорациясының «Учур» театрында қойылды. «Айт күні» атты әңгімесі Анкарада жарық көрген түрік халықтары әдебиеті антологиясының қазақ әдебиеті томына енген. Жазушының «Бауыржан Момышұлы» атты драмасы осы тұлғаның 100 жылдығына арналған республикалық драмалық шығармалар конкурсында бірінші орын алса (2010), «Әйелдер бір істі бастады...» атты комедиясы Мәдениет министрлігі жариялаған «Тәуелсіздік толғауы» конкурсының комедия номинациясы бойынша екінші жүлдегері (2014) болып танылды. «Ақ періште- арманым!» атты драмасы Мәдениет министрлігінің грантына ие болған.


Кеңестер Одағының үш медалімен және Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталған. «Құрмет» орденінің иегері, «Жамбыл облысының Құрметті азаматы».


Жазушының әкесі Әбдуат Әлімжанұлы (1910-1995) ескіше оқыған сауатының арқасында шағын ұжымшардың бастығы, Бостандық кеңшарында есепші қызметтерін атқарған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Анасы Күлтан Серікбайқызы (1918-1998) ұжымшарда, кеңшарда әртүрлі жұмыс атқарған. Жазушы жары Зейнегүл Ғалымқызы Нұртаева (2015 ж. қайтыс болды) екеуі 2 ұл, 2 қыз өсіріп, 13 немере, шөбере сүйіп отыр.


Жазған кітаптары .

1. «Оралу» — әңгімелер мен хикаяттар жинағы

2. «Көріпкел»

3. «Толық адам туралы»

4. «Тақталас»

5. «Бауыржанның пырағы»

6.«Адамгершіліктің ақ жолы»

7. «Ақ періште – арманым!»

8. «Анажар»

9. «Алтын жүлге жыры» — роман