Қазақтан шыққан тұңғыш құқықтану магистрі – Жақып Ақбаев

2026 жылы  9-шы қараша  күні  сағат 12:20 да  Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде Ақпараттық-кітапханалық орталығы  №3 оқу залының ұйымдастыруымен  «Қазақтан шыққан тұңғыш құқықтану магистрі – Жақып Ақбаев » атты талқылау кеші өткізілді.

Мақсаты: Қазақ халқының көрнекті заңгері, Алаш қайраткері Жақып Ақбаевтың өмірі мен қызметін жас ұрпаққа таныстыру; тарихи тұлғаның ел тәуелсіздігі жолындағы еңбегін насихаттау; оқушылардың бойында отансүйгіштік пен ұлтжандылық қасиеттерін қалыптастыру; Алаш арыстарының мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу.