Шындықтан туған шығарма

Шындықтан туған шығарма

2026 жылдың 28-ші қазан күні сағат 11:00-де Ақпараттық-кітапханалық орталығы № 2 оқу залында жазушы Александр Бектің даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының ерлігі хақында баяндаған «Волоколамск тас жолы» повесінің желісі бойынша « Шындықтан туған шығарма» атты әдеби-танымдық іс-шара оқылған шығарманы талдау,пікір алмасу форматында өткізілді. Драматург, жазушы Константин Симонов: « бәріміздің соғыс туралы жазған шындықтардың ішіндегі ең маңызды және ең қымбат шындықтардың бірі Бектің «Волоколамск тас жолы» кітабының ақиқаты еді… бұл жалпы алғанда әдебиетіміздегі соғыс туралы ең жақсы кітаптардың бірі. Бізде және бүкіл әлемде танымал болғанымен, бұл кітап әлі де лайықты өз бағасын алған жоқ»,- деген болатын. Бұл кітапты қызыға парақтауға не түрткі болды және оның құндылығы жайында алған әсермен бөлісе отырып, осы шығарма жайында сөз қозғауды мақсат еттік.

Александр Бектің «Волоколамск тас жолы» шығармасының мазмұнын, жазылу тарихын таныстыру, басты кейіпкер Бауыржан Момышұлының ерлігі мен әскери тактикасын, Панфилов дивизиясының қаһармандығын дәріптеу, жастардың бойындағы рухын оятып, отансүйгіштікке, батылдыққа тәрбиелеу. Шығарманың алғашқы сөзі автордың « Бұл кітапта мен бар болғаны арлы әрі еңбекқор
хатшымын» деген жолдарынан басталады. Жазушы өзін баяндап беруші ретінде таныстырады, әрі қарай батырдың өзі айтқан хикаясын жеткізеді. Шығарманы Бауыржанның соғыс күнделігі деп атауға да келетіндей.
Повесть шыққан соң қойылған толассыз сұраққа Александр Бек: «Волоколамск тас жолындағы» кейіпкер ойдан шығарылмаған, өмірде болған адам. Оның есімі-Бауыржан Момышұлы. Ұлты-қазақ.» деп жауап беріпті Екінші дүниежүзілік соғыс барысы, сарбаздар психологиясы шығарманың арқауына айналды. Кейіпкерлер бейнесі өмірдегідей шынайы ашылған. Өзімен бірге жүрген совет жауынгерлерінің тапсырмаға адалдығы, кей жерлердегі осалдығы-бәрі де баяндалады. Іс-шарамызға қатысқан «Шығармашылық мамандықтар» факультетіне қарасты «Бастапқы әскери дайындық» кафедрасының оқытушылары Үсен Біржан, Турсынбаев Мұхамеджан БӘД 23-1, 26-1 топтарының студенттеріне бұл шығарма талай жауынгерге күш-жігер беріп, жеңісті мейлінше жақындата түскенін айтып, өз ақыл-кеңестерімен бөлісті. Туынды — уақыт өтсе де құндылығын жоймайтын, ерлік пен намыстың символына айналған мәңгілік мұра. Тарихты білу, батырларымызғды ұлықтау-біздің азаматтық парызымыз. Отанды сүюді, ерлікті Бауыржандай батырлардан үйренейік, батырларымызбен мақтанайық.