Ұлт мақтанышы – Олжас Сүлейменов

Ұлт мақтанышы – Олжас Сүлейменов

📚 2026 жылдың 18 мамыр күні сағат 12:30-да Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Ақпараттық-кітапханалық орталығы №3 оқу залының ұйымдастыруымен «Ұлт мақтанышы – Олжас Сүлейменов» атты дөңгелек үстел өтті.

🎯 Шараның мақсаты – «Невада – Семей» қозғалысының лидері, ақын, жазушы, дипломат Олжас Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығын насихаттау арқылы жастарды елжандылыққа, білім мен ғылымға баулу, патриоттық сезімдерін арттыру.

📖 Кеш барысында Олжас Сүлейменовтің өмірбаяны, шығармалары, ғылыми зерттеулері мен халыққа сіңірген еңбектері таныстырылып, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар бейнеролик көрсетіліп, «Ойлан, тап!» ойыны өткізілді.

👩‍🎓 Заң факультетінің ҚҚ 25-3 тобының 1 курс студенттері шараға белсене қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.

✨ Ұлт руханиятының көрнекті тұлғасын ұлықтауға арналған тағылымды кеш жоғары деңгейде өтті.