«Қазақстанның ашық университеті» – еліміздің жетекші жоғары оқу орындары мен оқытушылары әзірлеген онлайн-курстарға кез келген адамға ешқандай шектеусіз тегін қолжетімділік ұсынатын білім беру платформасы.
Жобаның мақсаты:
Сапалы әрі тегін онлайн-курстарды ұсыну арқылы ел тұрғындарының зияткерлік деңгейін арттыру. Цифрлық технологиялардың көмегімен онлайн-білімді баршаға қолжетімді ету.
Жобаның бастамашысы:
«Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры – 2017 жылы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асыру мақсатында құрылған үкіметтік емес және коммерциялық емес қор.
Жоба аясында әлемнің жетекші университеттерінің тарих, философия, әлеуметтану, психология, антропология, мәдениеттану, дінтану, лингвистика, инновация, медиа, экономика, менеджмент және бизнес салалары бойынша үздік оқулықтары қазақ тіліне аударылуда.
Сұрақтарыңыз болса, төмендегі байланыстар бойынша хабарласа аласыздар:
Телефон: +7 777 692 71 22
E-mail: lib.htu.kz@gmail.com