Электронды кітапханамен таныстыру оқыту-тренингі өтті.
2022 жылғы 08 қарашада Ақпараттық-кітапханалық орталықтың №2 оқу залында «ПЕДАГОГИКА» және «Шығармашылық мамандықтар» факультеттерінің студенттерімен дәстүрлі түрде өтетін кітапхана ресурстарын пайдалану бағытында тренингтер өткізілді. Ақпараттық-кітапханалық орталықтың сайтымен (https://lib.htii.kz) таныстырылды. Сонымен қатар, АИБС «МегаПро» электронды каталогында құжаттарды іздестіру жолдары және РМЭБ, IPRSMART, Aknur PRESS, Web of Science, Scopus электронды кітапханаларымен жұмыс жасау тәсілдері, мәлімет алу жолдарымен таныстырылды.
Электронды кітапханамен таныстыру оқыту-тренингі өтті.
Ақпараттық-кітапханалық орталықтың 2 -кешенінде №1 оқу залында бірінші және екінші курс студенттеріне, Ақпараттық-кітапханалық орталығының сайты (https://lib.htii.kz) таныстырылды. Сонымен қатар, АИБС «МегаПро» электронды каталогында құжаттарды іздестіру жолдары және РМЭБ, Aknur PRESS, IPR SMART, Web of Science, Scopus электронды кітапханаларымен жұмыс жасау тәсілдері, мәлімет алу жолдары түсіндірілді.
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құрметті «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» факультетінің студенттері! Сіздерді, Ақпараттық-кітапханалық орталығында (№1 оқу залы) 07.11.2022ж. ұйымдастырып отырған «Кафедра күніне» шақырамыз.Сіздер мұнда өз салаңыз бойынша кітапхана қорымен және жаңа келіп түскен әдебиеттермен, электронды оқулықтармен таныса аласыздар. КЕЛІҢІЗДЕР! КӨРІҢІЗДЕР! КҮТЕМІЗ!
ХАБАРЛАНДЫРУ!
2022 жылы 21 қазан сағат 11.00-де Халықаралық Тараз инновациялық институты Ақпараттық кітапханалық орталығының №3 оқу залында «Экономика» және «Заң» факультетінің 1 курс студенттерінің қатысуымен республика күніне арналған іс-шара өтті. Іс шара мақсаты –жастарды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге уйрету, бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі – туған Отанды суюден басталатынын түсіндіру, Отанға деген […]
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Ақпараттық-кітапханалық орталықтың 2 оқу залында 25 қазан Республика күніне орай «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы ДШ-22-1 тобы, топ кураторы Шилібаев Н. А. бірлесе отырып кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Егеменді Қазақстан, Отан, туған жер туралы кітаптар қойылды. Студенттер Қазақстан туралы өлең жолдарынан үзінділер оқыды.
Қазақтың қаһарман қызы
Халықаралық Тараз инновациялық институты 2022 жылы 14-қазан күні сағат 14.00-де Ақпараттық-кітапханалық орталығының №1 оқу залында Мәншүк Мәметованың 100 жылдық мерейтойына орай «Қазақтың қаһарман қызы» атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шара мақсаты-қазақ халқының қаһарман қызы Мәншүк Мәметованың батырлық, ерлік жолдарын жастарға өнеге, үлгі ретінде көрсету. Сол арқылы отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Мәншүк Ұлы Отан […]
Хабарландыру!
Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл толуына орай Халықаралық Тараз инновациялық институты, Ақпараттық-кітапханалық орталығы №1 оқу залының ұйымдастыруымен өтетін «Қазақтың қаһарман қызы» атты іс-шарамызға шақырамыз! Өтетін орны мен уақыты: • 14.10.2022ж, сағат 14:00 • Қолбасшы Қойгелді 163 А • Ақпараттық-кітапханалық орталық, №1 оқу залы Сіздерді асыға күтеміз!
М.Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі
2022 жылы қазанның 12-сі күні сағат 14.00-де Халықаралық Тараз инновациялық институты Ақпараттық-кітапханалық орталығының ұйымдастыруымен №3 оқу залында М.Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына орай «М.Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі» атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шара мақсаты- заманының заңғар ұлы тұлғасы, көрнекті кемеңгер дарынды жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, кеңінен насихаттау, жазушының артында қалған мол мұрасын зерделеп, […]