Хабарландыру!
Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына 355 жыл толуына орай Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты, Ақпараттық-кітапхана орталығы №1 оқу залының ұйымдастыруымен өтетін «Қазыбек би – ұлы дала тұлғасы» атты іс-шарамызға шақырамыз. Өтетін орны мен уақыты: • 29.11.2022ж, сағат 14:00 • Қолбасшы Қойгелді 163 А • Ақпараттық-кітапханалық орталығының №1 оқу залы Сіздерді күтеміз! Келіңіздер! Көріңіздер!
Пресс-релиз
Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты 2022 жылдың 28-шы қараша күні сағат 14:00-де Ақпараттық-кітапханалық орталығы № 2 оқу залында Мұхтар Шахановтың 80 жасқа толуына орай «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасымен, Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша ҚТ 20-1 тобымен бірлесе отырып «Ақиқаттың ақыны-Мұхтар Шаханов» атты әдеби-сазды іс-шара өтті. Іс-шара мақсаты– адамгершілік, рухани қасиеттерді жастардың бойына […]
Хабарландыру!
Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты Ақпараттық-кітапханалық орталығы №2 оқу залының ұйымдастыруымен Мұхтар Шахановтың туғанына 80 жыл толуына орай өтетін «Ақиқаттың ақыны-Мұхтар Шаханов» атты әдеби-сазды іс-шарамызға шақырамыз. Өтетін орны мен уақыты: 28.11.2022ж, сағат 14:00 Сәтпаев көшесі 1а №2 оқу залы Сіздерді күтеміз! Келіңіздер!
Құрметті студенттер!
Сіздерді, Халықаралық студенттер күнімен құттықтаймыз! Сіздерге табысты білім алып, үнемі ізденіс үстінде болуларыңызға, студенттік кезеңді мағыналы да, қызықты өткізулеріңізге тілектеспіз. Сіздерге алда білімнің жаңа шыңдарын игеріп, бірегей жаңалықтар ашуға және бастаған барлық бастамаларыңыздың сәтті болуына тілектеспіз!
Хабарландыру!
16-17 қараша 2022 жылы АКО 2 оқу залында (Сәтпаев көшесі 1 а) «М.Әуезов- әлем таныған жазушы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге кітапхана қорынан 1961 жылы шыққан «Абай жолы» романы, М.Әуезовтың шығармалар жинағы, «Қорғансыздың күні» кітабы ,Әуезовті бүкіл әлемге танытқан «Абай жолы» роман-эпопеясының төрт томдық шығармалар жинағы , жазушылардың Әуезов жайында айтылған естелік еңбектері қойылды.
Хабарландыру!
15.11.2022 ж Ақпараттық-кітапханалық орталығының №3 оқу залында «15-қараша ұлттық валюта күніне» орай көпшілік оқырмандарға арналған ашық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ақша,несие,банк қызметі, менеджмент т.б туралы кітаптар қойылды. Көрмеге «Экономика және бизнес» , «Құқықтану», факультеттерінің студенттері мен «Экономика және бизнес» факультетінің деканы Жарасбеков Қуат Алпысбайұлы, «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі Есперов Елдос Ізбасарұлы және т.б […]
Құрметті оқырмандар!
Сіздерді «Кітапханаға кітап сыйлаймын!» акциясына қатысуға шақырамыз. Акцияға: – Ш.Мұратаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар, студенттер шақырылады; – Сыйға – оқулық, оқу құралы, монография, көркем әдебиеттердің баспадан шыққан немесе электронды нұсқасы қабылданады. Сіздерді күтеміз. Өтетін күні, уақыты: Желтоқсан айының соңына дейін 2022 ж.; сағат 9:00 – 18:00 аралығында.
Электронды кітапханамен таныстыру оқыту-тренингі өтті.
2022 жылдың 09 қараша Ақпараттық-кітапханалық орталықтың №3 оқу залында «ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС» және «ЗАҢ» факультеттерінің 1және 2-курс студенттерімен ақпараттық-медиалық сауаттылығын арттыру тренингі өтті. Тренингтің мақсаты – оқырмандарды Ақпараттық-кітапханалық орталықтың сайтымен https://lib.htii.kz және Ақпараттық-кітапханалық орталықтың Ережесімен таныстыру, электронды кітапханасымен жұмыс жасау тәсілдері мен мәлімет алу жолдарын көрсету, «Online қызмет көрсету» қызметін таныстыру, оқырман ретінде тіркелу және […]