Тұлғасы тұнған тәлім,есімі елге мәлім-Бауыржан Момышұлы

Тұлғасы тұнған тәлім,есімі елге мәлім-Бауыржан Момышұлы

      2025 жылы  12 желтоқсан  күні  сағат  12.00-де  Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті   Ақпараттық-кітапханалық орталығы  №3 оқу залының  ұйымдастыруымен  «Тұлғасы тұнған тәлім,есімі елге мәлім-Бауыржан Момышұлы» атты  кездесу кеші  өткізілді.

Бауыржан Момышұлы (1910-1982)-қазақтың әйгілі әскери қолбасшысы Ұлы Отан соғысында данқы шыққан стратег Және тактик жазушы  Кенес одағының батыры туғанына 115 жыл.

Жас ұрпақтың санасына ұлттық рухты дарыта отырып,олардың елін, жерін сүйетін патриоттық сезімін ояту, бабалар ерлігін насихаттау.Аты аңызға айналған, туған топырағымыздың тарланы қазақтың біртуар перзенті,әйгілі қолбасшы, Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының есімін ұлықтау өшпес ерлігін дәріптеу.

Осындай ерліктің ерен үлгісін көрсетіп артына өшпес із қалдырған ердің ісін ұмытпай тарихымызды жаңғыртып отыру – бүгінгі ұрпақтың парызы. Елім деп туған ерлердің есімі бір ғасыр өтсе де, ел есінде сақталары сөзсіз. Қазақтың Бауыржандай дара да дана батыры ешқашан да ұмытылмақ емес.Жастарға Бауыржан Момышұлының өмірбаяны мен шығармалары,ерлігі таныстырылды. Нақыл сөздері, мақал мәтелдері бейнеролигі,слайд көрсетілді. Студенттердің білімін арттыру мақсатында сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылып, кездесу кешіне қатысқан студенттерге сыйлықтар берілді.