«Астана – ел жүрегі, Конституция – ел тірегі» атты кітап көрмесі !

«Астана – ел жүрегі, Конституция – ел тірегі» атты кітап көрмесі !

Астана күні мен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай университет кітапханасында «Астана – ел жүрегі, Конституция – ел тірегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты – студенттер мен оқытушыларды еліміздің елордасының қалыптасу тарихымен, тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерімен және Конституцияның мемлекетіміздің құқықтық негізі ретіндегі маңызымен таныстыру, жастардың отансүйгіштік сезімі мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру.

Көрмеде Астана қаласының тарихы, сәулеті мен әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған әдебиеттер, фотоальбомдар, энциклопедиялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясы, конституциялық құқық саласындағы оқулықтар, ғылыми еңбектер мен анықтамалық басылымдар ұсынылған.

Көрме келушілерге елорданың еліміздің саяси, мәдени және экономикалық орталығы ретінде қалыптасу жолын танып-білуге, сондай-ақ Ата Заңның қоғамдағы рөлі мен құқықтық мемлекетті нығайтудағы маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Университет кітапханасы барлық студенттерді, профессор-оқытушылар құрамын және кітапсүйер қауымды аталған көрмені тамашалауға шақырады.