Қазақ балалар әдебиетінің қазынасы

Қазақ балалар әдебиетінің қазынасы

 

Ш.Мұртаза  атындағы Халықаралық Тараз  университеті 2025 жылдың  15-ші  желтоқсан   күні  сағат 10:30-да  Ақпараттық-кітапханалық орталығы  № 2 оқу залында   қазақтың көрнекті ақыны, жазушы, балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі  Өтебай Тұрманжановтың туғанына  120 жыл толуына орай  « Қазақ балалар әдебиетінің қазынасы » атты   әдеби  іс-шара өткізілді

 

  Мақсаты—  қазақ балалар әдебиетінің классигі Өтебай Тұрманжановтың  өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып әңгімелеу, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту.  Ұлтты сүюге, еңбекқорлық пен білімге құмар болуға,  елжандылыққа тәрбиелеу.

   Көрнекілігі: жазушының  өмірі мен шығармашылығы туралы  интерактивті тақтадан бейнеролик көрсетіліп, кітап көрмесі қойылды.

«Шығармашылық мамандықтар» факультетіне қарасты  «Көркем еңбек және сурет» 25-1 тобының студенттері өмірін  балалар әдебиетімен  байланыстырған жазушының  шығармаларымен  танысып,   өлеңдері мен мысалдарын  жатқа  оқыды.

 

Ол  –қазақ кеңестік балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі ретінде барлығымызға жақсы таныс. 1952 жылы «Қарлығаш», 1959 жылы «Сұңқар түлектер» деген балаларға арналған өлеңдер жинағын шығарды.

 

Өтебай Тұрманжанов  ұстаздық аудармашылықпен қатар, фольклор жинау, оны өңдеу саласында  да  аянбай еңбек еткен.

Сонымен қатар, мақал-мәтелдер жинағын құрастырып, басып шығарды. Сайып келгенде, Өтебай Тұрманжанов баланың тілін тапқан балажан ақын.

 

Жазушы аударма жұмысымен де айналысты. Орыстың ұлы классиктері- Пушкин, Лермонтов, Толстойдың балаларға арналған шығармаларын қазақ тіліне аударды.

 

Біз, бүгін жазушының шығармаларының мазмұнын ашуға талпындық. Өмір жолы мен шығармашылығы көп зерттеліне қоймаған ақынның шығармаларымен танысып, талдай отырып, оның балалар әдебиетіндегі алатын орны ерекше, шығармаларының көркемдік құндылықтары   айқын  деп айта аламыз.