Балалар әдебиетінің бәйтерегі – Сапарғали Бегалин

Балалар әдебиетінің бәйтерегі – Сапарғали Бегалин

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті 2025 жылдың 4 желтоқсан күні сағат 10:00-де Ақпараттық-кітапханалық № 5 оқу залында Сапарғали Ысқақұлы Бегалин 130 жылдық мерейтойына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі – Сапарғали Бегалин» атты әдеби талдау  кеші өтті.

Талдау кеш барысында «Балалар әдебиетінің бәйтерегі – Сапарғали Бегалин» кітап көрмесі, өмірбаяны мен шығармашылық жолына арналған  бейнебаяндар көрсетілді. Сапарғали Бегалиннің өлеңдері, сахналық көрініс және оның жазған әңгімелеріне қысқаша талдау жасап, сұрақ жауап арқылы қорытындылай келе, көрермендерге ерекше әсер қалды.

Әбілов Меңдібай Әбілұлы, Архабаева Гульнұр Ермаханқызы қатысып, қазақ әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан қаламгердің шығармаларының тәрбиелік мәні мен көркемдік құндылығына тоқталып ,оның мұрасы мәңгілік екенін атап өтті.